Е.Ыдырысов: Қазақстан БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық аймағымен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік танытуда

Әңгімелесушілер Қазақстанның Еуропалық Экономикалық комиссиямен (ЕЭК) өзара іс-қимыл мәселелерін, сондай-ақ БҰҰ Арнайы Бағдарламасын Орталық Азия елдерінің экономикалары үшін алға жылжыту мәселелерін талқылады.
Е.Ыдырысов Қазақстан ЕЭК-тың мамандандырылған комитеттерімен ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ жаңа бағыттар мен ынтымақтастықтың жаңа форматын дамытуға мүдделілік танытып отырғанын атап өтті. Ол қазақстандық тараптың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының Орталық Азияда ЕЭК-ның және Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) бірлескен субаймақтық өкілдігін ашу шешімін қанағаттанушылықпен қабылдағанын атап өтіп, Комиссияға Алматыдағы өкілдікті ашу кезінде көрсетілген қолдау үшін ризашылығын білдірді. ЭСКАТО-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының субаймақтық бөлімінің салтанатты ашылуы өткен жылдың қараша айында Қазақстан Республикасының СПЕКА-да төрағалық етуі аясында өтті. ЭСКАТО бөлімі сонымен бірге БҰҰ ЕЭК-ның аймақтағы өкілдігі болып табылады.
СПЕКА-ның қызметін одан әрі алға жылжыту қажеттілігі атап өтілді, атап айтқанда Орталық Азиядағы су қорларын реттеу проблемасы мен Арал өңірінің экологиялық проблемалары сияқты маңызды мәселелер қозғалды.
Әңгімелесушілер аймақтық энергетикалық жобаларды іске асыру бойынша болашақ ынтымақтастыққа қызығушылығын атап өтті. ҚР СІМ БҰҰ ЕЭК-ға Қазақстандағы тұңғыш энергетикалық тиімділік орталығын құруға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Ғалымдар, саясаткерлер мен тәжірибелі мамандарды біріктірген орталық идея және тәжірибемен алмасу тұғырнамасына айналды. Ол басым жобалық инвестицияларды анықтап, аймақтық және халықаралық ынтымақтастықтың дамуын ынталандыруда.