Е.Ыдырысов ҚР Президентінің сапарына дайындық және Қазақстанның БҰҰ ҚК-ге өтінімін ұсыну үшін Нью-Йоркке барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 25 қыркүйек күні Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-ші сессиясының алдындағы шаралар басталды. Оған ҚР сыртқы істер министрі бастаған қазақстандық делегация қатысуда, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.
None
None

Қазақстандық дипломаттардың күш салуының мақсаты - Президент Н.Назарбаевтың таяу күндері БҰҰ-ның мемлекет басшылары деңгейіндегі және бірқатар маңызды қатарлас саммиттер деңгейіндегі БА сессиясына қатысуына сапалы дайындалу, сондай-ақ Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне өтінімін ұсыну.

Белгілі болғандай, қыркүйектің соңында Нью-Йорк мемлекет, үкімет басшылары, БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттердің СІМ басшылары жиналып отырған әлемдік дипломатияның орталығына айналып отыр. Бұл шетелдік серіктестермен қордаланып қалған мәселелерді талқылау, халықаралық қоғамға елдің жаһандық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері бойынша позицияларын БҰҰ-ның мінберіне шығып айтудың жақсы мүмкіндігі.

БҰҰ үшін мерейтойлық болып табылатын бұл сессия мемлекет басшыларының рекордтық санын жинайтыны күтіліп отыр.

25 қыркүйектен бастап БҰҰ-ның үшкіндік саммиті өз жұмысын бастады. Оның мәні 2030 жылға дейінгі кезеңде Тұрақты Дамудың 17 мақсатын қарастыру және қабылдау болып отыр. Саммиттің алдында оның қатысушыларының алдында Рим Папасы Франциск І, сондай-ақ Нобель әлем сыйлығының лауреаты Малала Юсуфзай сөз сөйледі.

Соңғы жаңалықтар