Е.Ыдырысов: ШЫҰ терроризмге қарсы күресте өзінің салмақты сөзін айтуы тиіс (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкентте ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

2016 жылғы 24 мамырда Ташкентте Қазақстан Республикасының Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысов Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты, оның басты міндеті 2016 жылы маусым айында Өзбекстан Республикасының астанасында өтетін ШЫҰ саммитіне дайындық болды.

Отырыс барысында министрлер 2015 жылы Уфа қаласында мүше мемлекеттердің басшылары қол жеткізген келісімдерді іске асыру жөнінде пікір алмасты. Уфа саммитінен кейін ШЫҰ-ның жұмысын одан әрі жетілдіру, Ұйым шеңберінде саясат, қауіпсіздік, экономика және гуманитарлық байланыстар салаларында нәтижелі іс-қимылдарды нығайту бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылғаны туралы айтылды.

Тараптар Ұйымның қазіргі жағдайын және қызметінің әртүрлі бағыттардағы іс-қимылының даму болашағын, халықаралық және өңірлік істерде оның рөлі мен орнын талқылады.

Е. Ыдырысов өз сөзінде қазіргі жағдайларда қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ШЫҰ кеңістігіндегі мемлекеттердің абзал міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті. «Дәстүрлі қауіп-қатерлерді алдын алудан басқа, әлемнің жаңа зұлымы - терроризм алға шығуда. Осы жаһандық қауіп-қатермен қарсы күресте ШЫҰ өзінің салмақты сөзін айтуы тиіс деп есептейміз», - деді министр. Осы орайда, ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қатынастарда сенімді қалпына келтіруге бағытталған бірқатар негізгі бастамаларын, соның ішінде «Әлем. XXI ғасыр» манифесі бастамасын атап өтті.

Е. Ыдырысов БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрестегі аса маңызды рөлін баса айта отырып, Қазақстан Президенті бастамашылық еткен БҰҰ терроризмге қарсы күрес туралы бүкіләлемдік конвенциясын жедел қабылдаудың және БҰҰ қолдауымен Жаһандық терроризмге қарсы коалициясын (желі) жедел құрудың маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Е. Ыдырысов қазіргі кезеңде ұйым кеңістігінде өндіру және қайта өңдеу, транзиттік-көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды құру арқылы ұзақ мерзімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз ету ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің күш-жігерінің негізгі векторы болуы тиіс екенін атады. «ЕАЭО, «Жібек жолының экономикалық белдеуі» атты қытай бастамасы мен ШЫҰ арасында «көпір орнату» аса маңызды болып табылады. Осы бағыттағы жұмыс ШЫҰ-ның ұзақ мерзімді еуразиялық саясатты қалыптастыруға негіз болады», - деді Қазақстан Республикасының СІМ басшысы

Сонымен қатар, сыртқы саясат ведомстволардың басшылары Ауғанстандағы жағдайды және бейбітшілік пен тұрақтылықты қалпына келтіру бойынша шараларды талқылады, 2015 жылғы 12 ақпандағы Минск келісімдерін адал іске асыру негізінде Украинадағы дағдарысты, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы жағдайды саяси жолмен ретке келтірудің маңызын қуаттады.

Кездесудің қорытындысы бойынша 2016 жылы 23-24 маусымда Өзбекстанда өтетін отырыс барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары кеңесіне бекіту үшін ұсынылатын құжаттарға қатысты шешімдер, соның ішінде ШЫҰ-ға 15 жыл Ташкент декларациясы, 2025 жылға дейінгі ШЫҰ даму стратегиясын іске асыру бойынша Іс-қимыл жоспары және өзге де құжаттар қабылданды.

Отырысқа Қазақстанның, Қытайдың, Қырғызстанның, Ресейдің, Тәжікстанның және Өзбекстанның сыртқы саясат ведомстволарының басшылары, ШЫҰ бас хатшысы және ШЫҰ Терроризмге қарсы өңірлік құрылымының Атқарушы комитетінің директоры қатысты.
4 3

Соңғы жаңалықтар