ЕАЭО аясында Қазақстанда фармацевтикалық өнімнің эскпорты үшін жаңа мүмкіндіктер пайда болады

2016 жылға қарай ЕАЭО кеңістігінде дәрілік заттардың тіркеу куәліктерін өзара мойындау тетігі енгізіледі.
Қазақстанның фармацевтикалық саласы 80 кәсіпорынмен қамтылған. Мемлекет басшысы осы сала алдында елдегі дәрі-дәрмектің қажеттілігінен 50 пайыздан кем емес көлемде өндіру мақсатын қойды. Сонымен бірге фармацевтика өнеркәсібін дамыту саясаты дәрілік заттардың эскпортын қарастырады, яғни бірінші кезекте көршіліс елдердің нарығына шығу көзделген.
Саланы дамыту үшін Үкімет алдыңғы қатарлы шетелдік фармацевтикалық компанияларды елге тарту бойынша жұмыстар атқаруда. Осы орайда Қазақстанда отандық немесе шетелдік препаратты тіркеу 4-5 мың доллар көлемінде, сондай-ақ оны зерттеу 9 айға жалғасады, ал Ресейде бұл үдеріс 2 жыл мерзімді қамтиды. Мұнымен қоса ол елде дәрілік затты тіркеу 100 мың еуродан астам қаржыға бағаланып отыр.
Біздің фармацевтикалық саланың басты мақсаты GMP стандарттарына сай келетін заманауи технологияларды қолдана отырып, дәрі-дәрмек өндірісін жандандыру. Осы жоспар аясында 1 қаңтардан бастап екінші бесжылдық басталады. Бұл саланың қарқынды дамып келе жатқанын ескере отырып, жақын болашақта үлкен жетістіктерге жету көзделіп отыр.
«KAZNEX INVEST» Ұлттық агенттігі «Promedical», «Micobiomed», «Osatu», «Plast Europe», «Gesan Production Sri», «Bemems» секілді бірқатар шетелдік компаниялармен өазара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. «Pfizer», «GlaxoSmithKline», «Merck», «Kormed», «BS Medical», «Janssen» және басқа да компанияларды тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.