ЕАЭО аясында медициналық бұйымдардың ортақ нарығы қалыптасады - Сенат
Аталған келісім 2014 жылдың 23 желтоқсанында Мәскеу қаласында Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттер арасында жасалған. Құжат медициналық бұйымдардың ортақ нарығын қалыптастыру мақсатында ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидаларын белгілейді. Бұл ретте келісім күшіне енгеннен бастап, уәкілетті орган Одақ шеңберінде айналысқа шығарылатын медициналық бұйымдарды ЕАЭО белгілейтін тәртіппен тіркеуге тиіс. ЕАЭО аясында қолданылатын медициналық бұйымдардың тіркеу куәлігі медициналық бұйымының тіркелу фактісін растайтын құжат болып табылады әрі құжат мерзімсіз болады.
Медициналық бұйымдар Одақ шеңберіндегі айналысқа шығарылу алдында ортақ нарықтағы медициналық бұйым айналысының арнайы белгісімен міндетті түрде таңбаланады. Медициналық бұйымдарды таңбалауға, айналыстың арнайы белгісін түсіруге қойылатын талаптарды және оның ережесін Комиссия бекітеді.
Талқылаудан соң комитет мүшелері заң жобасын палатаның жалпы отырысына шығару туралы шешім қабылдады.