ЕАЭО бірлестікке мүше-мемлекеттердің ішінде күрделі экономикалық процестерді «жұмсартуға» мүмкіндік берді - В.Христенко

АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕАЭО бірлестікке мүшелік ететін мемлекеттердің ішінде күрделі экономикалық процестерді "жұмсартуға" мүмкіндік берді, деп санайды Еуразиялық экономикалық одақ Іскерлік кеңесінің президенті Виктор Христенко.
None
None

"Еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастық жобасына мен 20 жыл уақыт бөлдім. Мен ықпалдастықта бар олқылықтар мен орындалмай жатқан мүмкіндіктерді көрдім. Несіне жасырамыз? Кейінгі кезде мемлекеттің экономикалық ауыртпалықтарын осы ықпалдастықтан көретіндер аз емес. Бірақ егер осы ықпалдастық болмағанда, ауыр экономикалық процестердің салдарлары одан да мүшкіл болар еді", - деді ол бүгін Іскерлік кеңес президиумының отырысынан кейін ұйымдастырылған баспасөз мәслиxатында.

Дегенмен оның сөзінше, ықпалдастықтың мүмкіндіктері толық ашылмай отыр.

"Ықпалдастық барысында шыққан проблемалар, ықпалдастықтың толық ұйымдастырылмауынан болады. Біз бірдеңені істемедік, бір мәселені соңына дейін талқыламадық деген сөз. Дәл осы шешілмеген сұрақтар ықпалдастық үдерістерге қатысты теріс пікірдің шығуына себеп болады", - дейді ол.

Оның айтуынша, ықпалдастық кезінде бизнеске қатысты орын алатын олқылықтар мен шикіліктер ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің ұлттық бизнес қауымдастықтары ұстанымдарының келісілмегендігінен болып жатады.

"Одан бірінші кезекте бизнестің өзі жапа шегеді және әдетте билік құрылымының тиімсіз басқарылуына әкеліп соғады. Осы жұмыстар біздің алдағы уақыттарда айналысатын ісіміз болады", - деді В. Христенко.

Соңғы жаңалықтар