ЕАЭО-да келісілген көлік саясатының негізгі бағыттарын 2016 жылы бекіту жоспарлануда
«Келісілген көлік саясатының негізгі бағыттары - бұл үлкен бағдарламалық құжат, ол көліктің барлық түрі бойынша ынтымақтастықты белгілейді. Біз жобаны Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске бекітуге 2016 жылы ұсынамыз», - деді Тайыр Мансұров.
ЕАЭО елдерінің көлік министрлері көлік қызметтерінің жалпы нарығын құруға және бірыңғай көлік кеңістігін кезең-кезеңмен қалыптастыруға бағытталған бұл құжатпен жұмыс бойынша одан әрі іс-қимылдарын келісті.
Кеңесте сондай-ақ ЕАЭО-дағы кеме қатынасы туралы келісімнің жобасын әзірлеу туралы мәселе қаралды. Тайыр Мансұров бұл құжат өзен көлігіне ғана қатысты және ол екіжақты тасымалдарда, ішкі су жолдарындағы және аралас ішкі су жолдарындағы транзиттік пароход жөніндегі ЕАЭО мемлекеттерінің ішкі су жолдары бойынша кемелердің жүзу тәртібі мен шарттарын белгілейді, деп нақтылады. Министрдің айтуынша, құжатты ағымдағы жылдың соңына дейін түпкілікті келісу жоспарлануда.
Сонымен бірге, көлік министрлері ЕАЭО мен Жібек жолы экономикалық белдеуін ұштастыруға қатысты мәселені талқылады. Министрлер бұл мәселемен тұрақты негізде айналысатын арнайы жұмыс тобын құруға уағдаласты.