ЕАЭО елдері мұнай және мұнай өнімдерін нарықтық бағамен шектеусіз көлемде сатып ала алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақордада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Мемлекет басшылары мұнай, мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын бекітті. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян мәлім етті.
None
None

«Бүгін біз қараған мәселелердің екінші топтамасы энергетика саласына қатысты болды. Мемлекет басшылары мұнай, мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасын бекітті. Тұжырымдамаға сәйкес, одақтас елдердің энергетикалық компаниялары серіктестерінің мұнай инфрақұрылымына кемсітушіліксіз қол жеткізеді. Мұнай және мұнай өнімдерін экспорт салығынсыз нарықтық бағамен шектеусіз көлемде сатып ала алады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, аталған тұжырымдаманы жүзеге асыру үш кезеңге жоспарланған. Бұл ретте комиссия келесі жылдың ішінде тұжырымдаманы жүзеге асырудың бағдарламасын әзірлеп, оны Мемлекет басшыларының бекітуіне ұсынуы қажет. Одан кейін сәйкесінше келісімшарт әзірленеді.
«Ал оған қол қойылғаннан кейін, 2025 жылы бізде бірыңғай энергетикалық нарық болады. Дәл осы логикамен ЕАЭО-да газдың ортақ нарығын қалыптастыру тұжырымдамасы дайындалады. бұл нарықта жоғарыдағы ұстаныммен 2025 жылға қарай дайындалады», - деді Т.Саркисян.

Соңғы жаңалықтар