ЕАЭО елдерінде жұмыссыздар саны 2015 жылдың тамызында 1 196,5 мың адамды құрады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердегі тұрғындарды еңбекпен қамту қызметтерінде 2015 жылдың тамызының соңында жұмыссыздардың саны 1 196,5 мың адамды немесе экономикалық белсенді тұрғындардың 1,3% құрады.
None
None

Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметінен хабарлағандай, 2014 тамыз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда Арменияда тіркелген жұмыссыздардың саны 14,2%, Беларусьте - 2,1 есеге, Қазақстанда 5,5%, Ресейде 13,5% артты, ал Қырғызстанда 2,8% азайды.

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) әдістемесіне сәйкес жалпы ЕАЭО бойынша жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың тамызында экономикалық белсенді халықтың 5,4% құраған, соның ішінде Қазақстанда - 4,9%, Ресейде - 5,3%. Арменияда 2015 жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 19,1% деңгейінде сақталып қалды. Белоруссияда 2009 жылғы халық санағы бойынша ХЕҰ талаптарына сәйкес 6,1% құрады. Қырғызстанда 2014 жылы жұмыссыздық деңгейі 8% болды.

Салыстыру үшін ЕЭК ақпарынша, Еуропалық одақ бойынша жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың шілдесінде - 9,5%, АҚШ-та 2015 жылдың тамызында - 5,1% болды.

Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылдың 1 қантарында құрылды. Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдер Қазақстан, Ресей, Беларусь 2011 жылдың 1 шілдесінде Кедендік одақтың, ал 2012 жылдың 1 қаңтарында Бірыңғай экономикалық кеңістік негізін қалаған еді. 2015 жылдан Одаққа Армения, кейін Қырғыз Республикасы қосылды.

Соңғы жаңалықтар