ЕАЭО: Қазақстанға кіргізуге тыйым салынған өнімдер тізімі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей мен Беларусь елінде шығарылған бірқатар тауық пен балық өнімдері, сонымен қатар, алкогольді ішімдіктер бұдан былай Қазақстан аумағына кіргізілмейді және олардың сатылуына тыйым салынады. Бұл жайында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеп отыр. Бүгінгі таңда аталған ведомство Кедендік одақтың техникалық регламентіне сәйкес азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне сәйкес келмейтін өнімдерге тыйым салу және шектеу қою бойынша жұмыстар жүргізуде.
None
None

Айта кетейік, аталған тізімде Австралиядан келетін мұздатылған сыйыр еті, Ресейде жасалған құс еттері мен балық өнімдері, латвиялық паштеттер, Украинада жасалған бірқатар сыр түрлері, Ресейдің арақ және сыра өнімдері, Перуден әкелінетін жүзім де бар.

Республиканың ішкі нарығына өнімдерді әкелу және (немесе) қолдануға шектеу қою бойынша санитарлық шаралар енгізілген өнімдердің тізімі комитеттің жеке сайтында жарияланған.

Комитет аталған тауарларды қолданудың салдарларын болдырмау мақсатында көрсетілген тізімге назар аудартады.

«Сондай-ақ, Комитет азық-түліктің қауіпсіздік нормаларына сәйкес келмейтін өнімдерді өткізу мен қолдану бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында Кедендік одақтың кедендік шекарасында түсініспеушілік тумас үшін аталған тізімді басшылыққа алуды ұсынады», - деді ТҚҚК баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, жоғарыда аталған тауарларға салынға тыйым уақытша ғана. Белгілі бір уақыттан кейін, яғни өнімдердің сапасы Кедендік одақ талаптарына сәйкестендірілгеннен кейін ол шектеулер қайта алынып, тауарлар Қазақстан нарығына жіберіледі.

Естеріңізге салайық, осыдан бірнеше күн бұрын Алкоголь нарығындағы өзара кедергілерді жою мақсатында ЕЭК Еуразиялық экономикалық одақ аясында Алкоголь нарығын реттеу туралы келісім жобасын әзірлеген болатын.

Бұл Келісім жобасы ЕЭК Алқасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 310 Шешімімен мақұлданған. Сонымен бірге, мемлекетішілік келісу қорытындылары бойынша жоба айтарлықтай қайта өңделді және бұл Қазақстан Республикасы үшін Келісім жобасын осы редакцияда қабылдау мынадай мүмкіндік береді:

1) Ресей Федерациясы тарапынан қамсыздандыру төлемінің кемсітушілік мөлшерін жою (қамсыздандырушылық төлем акциз мөлшерінде орнатылатын болады);

2) ілеспе құжаттардың тізбесіне және формаларына қойылатын түрлі талаптармен байланысты кедергілерді жою.

Келісім жобасы төңірегіндегі Тараптар арасындағы негізгі келіспеушілік алкоголь өніміне акциздер мөлшерлемелерінің үйлесімділік мәселесімен байланысты болып отыр. Ресейлік Тарап Келісім жобасының акциздер мөлшерлемелерін теңестіргеннен кейін ғана күшіне енуін алға тартуда.

Ұлттық палата, Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарт талаптарына сәйкес, алкоголь нарығына өзара түсіністікті, кемсітусіз қолжетімділікті қамтамасыз еткен жағдайда акциздер мөлшерлемелерін біртіндеп жақындастыру ғана жүргізілуі мүмкін деп санайды. Мұндай позицияны Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жалпы қолдайды.

Палата Тараптар арасындағы келіспеушіліктерді жеңуге болатынына және Келісім жобасының жақын арада мақұлданатынына сенеді.

Соңғы жаңалықтар