ЕАЭО медициналық бұйымдардың ортақ нарығы туралы келісімге Армения қосылады - Мәжіліс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданды.
None
None

«Келісім бойынша медициналық бұйымдардың ортақ нарығын құру қарастырылады. Бұл ретте медициналық бұйымдарды тіркеу барысында одақ шеңберінде өндірілген және басқа мемлекеттерден әкелінген бұйымдарға бірдей талаптар қойылады. Одақ мүшелері медициналық бұйымдарға қатысты сынақтар мен сараптама нәтижелерін өзара мойындайтын болады. Бұдан бөлек, медициналық бұйымдарды өндіруші сапа менеджменті жүйесін енгізу мен қолдауды қамтамасыз етуі тиіс болады. Мүше мемлекеттерде тіркелген медициналық бұйымдар айналысқа шығар алдында міндетті түрде арнайы белгімен таңбаланатын болады», - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, келісімде қауіпсіз, сапалы және тиімді медициналық бұйымдар айналысын қамтамасыз ету үшін нақты қолдау шаралары қамтылып отыр. Осыған байланысты ЕАЭО аясында тіркелген медициналық бұйымдардың бірыңғай тізілімін, уәкілетті ұйымдардың бірыңғай тізілімін, медициналық бұйымдар қауіпсіздігі мен сапасына қатысты бірыңғай ақпараттық дерекқорын құру көзделеді.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жолданады.

Соңғы жаңалықтар