ЕАЭО толыққанды интеграциялық бірлестік ретінде қалыптасты - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ толыққанды интеграциялық бірлестік ретінде қалыптасты.
None
None

Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

ҚР Президенті өз сөзінде құрылғанына аз ғана уақыт болған Еуразиялық экономикалық одақ бастапқы сәттен-ақ жолында кездескен қиындықтарды еңсеріп, бүгінде толыққанды интеграциялық бірлестік ретінде қалыптасып үлгергенін баса айтты.

«Ендігі уақытта біздің экономикаларымыздың жақындасуы біздің ЕАЭО туралы шартта белгілеген жоспарлар мен мерзімдерге сәйкес жүргізілу үстінде. Үкімет пен бизнес бір-бірімен ынтымақтастықтан қажетті тәжірибені алу үстінде», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ қызметіндегі алға қойылған міндеттер мен ұстанымдарды жүзеге асыру жалпы экономикаға қуатты серпін берерін атап өтті.

Айта кетейік, кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев және Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин қатысуда.

ЕАЭО елдерінің көшбасшылары газ, мұнай және мұнай өнімдері орталық нарығын қалыптастыруды қоса алғанда, ықпалдастықты тереңдетудің перспективаларын талқылайды, шет елдермен және өңірлік ықпалдастық бірлестіктерімен сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге қатысты пікір алмасуда. Келіссөздер қорытындысында ЕАЭО қызмет етуінің практикалық мәселелері бойынша бірқатар құжаттар қабылданбақ.

Соңғы жаңалықтар