ЭДСМ бақылау-қадағалау қызметін және бизнесті тексеруді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп, Үкімет қарауына енгізді

Үкімет қарауына енгізді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған ведомствоның басшысы Қайрат Келімбетов айтты.
Оның атап өтуінше, ұсыныстар тексеру жүргізудің жалпы белгіленген тәртібіне қолданылмайтын бақылау салаларын қысқарту (20 саладан 6-ға дейін), тіркеу кезеңі 3 жыл аспаған жаңа шағын бизнес өкілдеріне жоспарлы тексеріс жүргізуге тыйым салу, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларының қайталануын қысқарту, жазалау жүйесін либералдандыру, мемлекеттік бақылауды жекелеген салаларда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру, дербес қаржы кепілдіктері, бизнестің өзін-өзі реттелу тетіктерімен арқылы ауыстыру мәселелерін пысықтау сынды шараларды қамтиды.
«Әділет министрлігіне «Мемлекеттік бақылау және қадағалау» заңына өзгерістер әзірлегенде осы ұсыныстарды негізге алу ұсынылады. Экономикалық даму және сауда министрлігі өз кезегінде осы жұмысқа қосылатын болады», - деді Қ.Келімбетов.