ЕЭК бірқатар елдермен еркін сауда аймақтары туралы келісім жобасын әзірлеуде

«Қазіргі уақытта біз халықаралық әріптестік шеңберінде мемлекеттік сатып алу саласы бойынша жұмыс істеп, еркін сауда аймақтары туралы келісімдер жобасын әзірлеудеміз. Бұл келісім Вьетнам, Жаңа Зеландия, Мысыр, Үндістан және Израиль сынды елдермен жасалады. Сондай-ақ, Аустралияның федералдық бәсекелес ведомстволарымен меморандумдар мен келісімдерге қол қойылып, мемлекеттік сатып алу саласын бақылайтын басқа да бәсекелес ведомстволармен меморандумдар жасасу мүмкіндіктері қаластырылып жатыр», - деп атап өтті ол «Электрондық мемлекеттік сатып алулар, саудадағы әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету: еуразиялық интеграция тәжірибесі мен перспективалары» атты конференцияда.
Н. Алдабергеновтың айтуынша, Қазақстан Кеден одағына өткенге дейін электрондық сатып алулар көлемі 1,1 млрд. долларды құраған болатын. «Ал 2012 жылы, яғни Бірыңғай экономикалық кеңістікке енгеннен кейін бұл көрсеткіш 43 пайызға өсіп, 2013 жылы 2,2 есеге ұлғайды. Мәселен, Ресейде 2011 жылы электрондық сатып алулар көлемі 79 млрд. доллар болса, 2012 жылғы өсім 30 пайызға, 2013 жылғы өсім 20 пайызға жеткен. Беларусь Республикасында бұл көрсеткіш 2011 жылы 11,1 млрд. доллар болса, 2013 жылы 77 есеге біра-ақ артқан», - деді ЕЭК өкілі.
Оның мәліметінше, Қазақстан электрондық сатып алуларға ЕАЭС аясында 2014 жылдан бастап қатыса бастады. Осы уақыт аралығында барлығы 8,3 млн. долларға келісімдер жасалды.
«Біздің басты мақсатымыз 2016 жылдың аяғына қарай кез келген кәсіпкерді ешқайда бармай-ақ электрондық келісімдер жасай алу мүмкіндігімен қамтамасыз ету. Келесі жылы бізге Армения Республикасы қосылады. Ал 2016 жылы Қырғыз Республикасы енеді. Олар қазіргі уақытта бізде жүргізіліп жатқан жұмыстарды жіті қадағалап, сонымен қатар өздерінде де электрондық сатып алулар саласындағы жұмыстарын жан-жақты жетілдіруде», - деді Н. Алдабергенов.