ЕЭК «бірыңғай терезе» тұжырымдамасының дүниежүзілік тәжірибесін қарастыруда
Конференция барысында қатысушылар Қазақстан, Ресей және Белоруссияның рұқсат етуші және бақылаушы қызметтерінің жұмысына «бірыңғай терезе» енгізудің келешегін талқылады. Еуропа мамандары аталған тетікті Батыс елдерінде қолдану тәжірибесі туралы әңгімелеп берді.
«Бүгінгі таңда шекарада әр түрлі қызметтерді атқаратын бірнеше ведомство бар, олар - санитарлық, мал дәрігерлік қызмет, көлік бақылау және т.б., - деді ЕЭК-тің Сауда саясаты департаментінің директоры А.Точин. - Жүк тасымалдаушы барлық рәсімдерден саты-сатысымен өтеді».
«Бұны басқаша ұйымдастыруға болады -сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ақпаратты бір терезеден екінші терезеге тасып жүрмейтіндей етіп, одан әрі өңдеумен қабылдаудың бірыңғай бекетін құруға болады. Бір сөзбен айтқанда, бұл «бір терезе» тұжырымдамасы», - деді ЕЭК өкілі.
«Негізінде, бұл көптеген шығын түрлерін өте қатты азайтуға жағдай туғызады. Бұл - сыртқы экономикалық қызметке қатысушы шығындары, мемлекет шығындары және логистикалық бизнес шығындары. Сондай-ақ, бұл рәсімдерді өткізу үшін уақытты қысқарту», - деп атап өтті А.Точин.