«Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде Тәуелсіздік жылдардың тарихы жатыр - Елбасы

 АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде Тәуелсіздік жылдардың тарихы жатыр.
None
None

Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Арна Медиа» холдингі құрамына кіретін бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына сұхбат берген кезінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінің ұжымын басылымның 90 жылдығымен құттықтап, аталған басылымға тиесілі жаңа ғимараттың ашылуы салтанатына қатысты.

 «Егемен Қазақстанның» 90 жылдығына арналған тарихи мәліметтердің барлығы бүгін газет бетінде жарияланған. Мен таңертең оның барлығын қарап шықтым. Осы «Егемен Қазақстан» бір кездегі «Ұшқыннан» бастап, елдің тағдырымен бірге өсіп, бірге есейіп келе жатқан басылым болып саналады», деді Елбасы.

«Енді тәуелсіздік жылдарына келетін болсақ, әрине 91-ші жылдан бастап газетті тағы да бір парақтап шықсақ, бұның ішінде бүкіл еліміздің, Тәуелсіздік жылдарының тарихы жатыр. Қиын-қыстау кезеңдер, басымыздан өткерген қуынышты кездер де газеттің бетінде көрініс тапқан. Осы жылдардың ішінде тәуелсіздіктің саясатын қолдап, менің жүргізген шаруамның барлығына қол ұшын беріп, қолдап отырған барша ұжымға рахметімді айтамын. Сонымен бірге, осында отырған барлық БАҚ басшыларына ризашылығымды білдіремін»,- деді Президент.

Соңғы жаңалықтар