Егістік алқаптарының 77,5% егіні орылып, 19,9 млн. тонна астық бастырылды

ТАНА. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат. Биылғы жылы 16,2 млн. га алқапта астық өнімдерін жинауға тиістіміз. Үстіміздегі жылдың 22 қыркүйегіндегі жағдай бойынша егіндік алқаптың 77,5% (12,5 млн. га) егіні орылып, 19,9 млн. тонна астық бастырылды. Егін шығымдылығы гектарына 15,8 ц. келеді, бұл 2010 жылғы деңгейден 7,2 ц/га артық, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.
None
None

Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бидай мен арпа толық жиналып алынды. Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында арпа мен бидай ору аяқталуға жақын.

Ақтөбе (75,1%), Солтүстік Қазақстан (68,5%), Ақмола (75,1%), Қарағанды (76,6%) және Қызылорда (54,8%) облыстарында егіннің жартысынан астамы жиналды.

Биылғы жылы ауа райы жағдайларына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының пісіп-жетілуі ұзаққа созылды, егін орағы жоғары ылғалдылықта жүргізілуде, ал алынатын астық көлемі былтырғыдан 1,5 есе артық болады деп күтілуде.

Бұл егін жинау, оны тасымалдау мен кептіру және басқа да жұмыстарда дизель отынына деген қосымша қажеттілікті тудырды.

Астықтың негізгі бөлігін өндіретін облыстық әкімдіктердің берген өтінімдері бойынша, дизель отынына деген қосымша қажеттілік 40 мың тоннаны құрайды. Қазіргі кезде дизель отынының қосымша көлемін бөлу туралы мәселе Мұнай және газ министрлігімен пысықталуда.

Республикада лицензиясы бар 217 астық қабылдайтын кәсіпорын жұмыс істейді, соның 205-і жаңа астықты қабылдауға дайындалды. Астық қабылдау кәсіпорындарында (АҚК) шамамен 13,6 млн. тонна астық сақтауға болады. Мұның сыртында ауыл шаруашылығы құрылымдарында 8,9 млн. тонна астықты сақтауға мүмкіндік беретін сыйымдылықтар бар. Сонда бұл сыйымдылықтардың барлығы 22,5 млн. тонна астық сақтауға шамасы жетеді, соған қоса егін барынша көп шыққан жылдарға да жеткілікті.

Астық сақтауды қамтамасыз ету үшін жаңа АҚК салу арқылы элеватор қуаттарын арттыру жөнінде шаралар қабылдануда. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша 1991 жылдан бастап 58 жаңа АҚК салынған, олардың жалпы сыйымдылығы - 2 млн. тонна.

Бұдан басқа, 2010 жылдың басынан бастап осы уақытқа дейін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қатысуымен жалпы сыйымдылығы 327 мың тонна астық сақтауға арналған 13 астық қоймасы пайдалануға берілді. Жобаның жалпы құны - 12,34 млрд. теңге, оның ішінде КазАгроның қаржыландырғаны - 8,76 млрд. теңге.

2011 жылғы қазанның алғашқы күндерінде 2 астық қоймасы пайдалануға берілмек, олардың жалпы сыйымдылығы - 61 мың тонна. Сонда, КазАгро-ның қатысуымен салынған астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы 388 мың тонна болады.

Қазіргі кезде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 500 мың тонна азық-түліктік астықты солтүстік облыстардың астық қабылдау кәсіпорындарынан басқа облыстардың бос тұрған элеваторларына көшіруді жүзеге асыруда. Аталған аумақтан 140 мың тонна көшірілді. Астықты ауыстыруды биылғы қазанның соңына қарай аяқтау көзделуде. «Казақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан астық таситын вагондармен қамтамасыз ету мәселесі шешілген.

Сондай-ақ астық экспортына, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден артық астықты сатып алуға қолдау көрсету шаралары қабылдануда. Биылғы астықтың жоғары экспорттық әлеуетін ескере отырып, жалпы көлемі 2,5 млн. тонна астыққа Мемлекеттік комиссияның шешімімен Ауыл шаруашылығы министрлігінің экспортқа астық тасымалдау кезінде көлік шығындарына 1 тоннасы 40 АҚШ долларынан тұратын жәрдем ақша беру туралы ұсынысы мақұлданды. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен 15 млрд. теңге, оның ішінде 2011 жылы - 5 млрд. теңге, 2012 жылы - 10 млрд. теңге бөлінбек.

Қолда бар астықты тасымалдайтын 5200 көліктің айына 400-500 мың тонна астық тасымалдауды қамтамасыз ететіні ескеріліп, қазір «Русагротранс» ЖАҚ пен «Қазтеміртранс» АҚ-тың қатысуымен астық тасымалдайтын бірлескен көлік компаниясын құру мәселесі қарастырылып, шешілуге жақын, бұл астық экспорттаушылардың тасымалдаушы құрамға деген қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға жаңадан құрылатын көлік компаниясының құрамына «Русагротранс» ЖАҚ тарапынан 5200 астық таситын вагон бөлінеді.

2011 жылға арналған республикалық бюджеттен мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу үшін 12,75 млрд. теңге, оның ішінде көктемгі-жазғы қаржыландыруға 6,4 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі кезде көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы 1,2 млрд. теңге сомасына 49,5 мың тонна астық сатып алынды. Мемлекеттік ресурстарға күзгі астықты сатып алу Үкімет шешімімен астықтың сатып алу бағасы белгіленгеннен кейін қазан айында басталмақ.

Бұдан басқа, «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ коммерциялық ресурстарға тоннасының бағасы 26 500 теңге тұратын 5 млн. тонна астық сатып алмақ. Биылғы жылдың 22 қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша, көрсетілген көлемнен қазірдің өзінде көктемгі-жазғы қаржыландыруды ескеріп, 221,4 мың тонна астық сатып алынды.

2012 жылғы астық өніміне облыс аралық және облыс ішіндегі тұқымдарды қайта бөлуді ескеріп және де ауыл шаруашылық құрылымдардың қажеттіліктеріне негізделіп 2240,2 мың тоннаға 2011 жылдың 22 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 89% немесе 1993 мың тонна себілген.

2012 жылы егінге арналған тұқым тапшылығы күтілмейді (егін ору науқанының нәтижелері бойынша қажетті тұқым көлемін себу жоспарланып отыр).

Алдағы малдың қыстауына арналған жем-шөп қорының дайындығы жалғастырылып келеді. 16 қыркүйектегі жағдай бойынша 16,2 млн. тонна жем-шөп, 332,0 мың тонна пішендеме, 335,0 мың тонна сүрлем дайындалған. Бұл жоспарға сәйкес 110%, 98%, 69% құрайды. Жылдық жағдай жем-шөптің бір жарым жылдық қорын дайындауға мүмкіндік беретінін айтып кеткен жөн.

Соңғы жаңалықтар