«eGov» арқылы коммуналдық қызметті төлеген тұрғындар жүлделі болды

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Электрондық үкімет порталы арқылы коммуналдық қызметті төлеу жөніндегі акцияның қорытындылары хабарланды.
None
None

15 қазанда электрондық үкімет порталында бірінші болып коммуналдық қызметті төлеген 50 пайдаланушы «eGov» арқылы коммуналдық қызметті төле және жүлде ал» акциясының жеңімпазы атанып, 3G модемдерді сыйлыққа алды.

eGov коммуналдық қызмет төлемінің сервисі одан да қолайлы болды. Енді Алматы және Қызылорда тұрғындары, елордалықтардан кейін Қазақстанның кез келген банкісінен картаның көмегімен төлемді жүргізе алады. Бұрын осы екі қалаларда сервис тек Казкоммерцбанк карталарын ұстаушылар үшін ғана қолжетімді болған еді.

«Төлемді жүргізу үшін www.egov.kz порталында тіркелу керек, сонан соң Жылжымайтын мүлік - Тұрғын үй - Коммуналдық шаруашылық санатын таңдайсыз және «Коммуналдық қызметтер төлеміне» шертесіз. Пайдаланушы оған керекті қаланы таңдайды (Астана, Алматы немесе Қызылорда), түбіртектің нөмірін шығарады және төлемді жүргізеді. Төлемді растайтын электрондық чекті әрқашан «Қызметтер төлемі тарихы» бөлімінде табуға болады. Осы сервисті алу үшін талап етілмейтіндігін еске саламыз», - делінген «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Акция жеңімпаздарына жүлдені алу үшін өзінің байланыс деректерін 1414 тегін нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласып қалдыруға болады. Осы телефон бойынша барлық тілек білдірушілер, сонымен қатар eGov порталында коммуналдық қызмет төлемінің сервисі бойынша оларды қызықтыратын сұрақтарды қоя алады.

Жеңімпаздардың тізімі мына сілтемеде көрсетілген: https://www.egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/additionalSections/portalsNews/portalsNewsArticles/article/news_191012_01&lang=kk

Соңғы жаңалықтар