Еgov.kz порталы ҚТҚЖБ-де құжаттар қабылдауды оңтайландыруға көмектеседі - «ҰАТ» АҚ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Электронды үкімет порталы арқылы Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде құжат қабылдау рәсімі оңтайландырылады, деп мәлімдеді бүгін баспасөз конференциясы барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев.
None
None

Бұл туралы primeminister.kz . хабарлады.

«Бұл әрекеттестік арқасында енді азаматтарға ХҚКО барып немесе eGov порталында анықтамаларды алудың қажеті жоқ. ҚТҚЖБ-не барып, жеке куәлігін көрсетсе жеткілікті»,- деді Р.Еңсебаев. Осылайша, банкке клиенттің келісімімен мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің бар-жоқтығы туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар немесе ауыртпалықтар туралы құжаттар, сондай-ақ некелесу немесе немесе неке бұзу туралы мәліметтер қолжетімді болмақ. Оған қоса, клиенттен жоғарыда аталған құжаттарға қолжетімділікті растаудың бірнеше түрі қарастырылған: SMS арқылы немесе egov.kz порталы арқылы. Аталған сервис пилоттық режімде іске қосылған. Өз кезегінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов аталған жоба ең алдымен «Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асырылатынын айтып өтті. Нәтижесінде әкімшілік тосқауылдарды азайтуға, ақпаратты жедел алуға және жосықсыз клиенттер тарапынан алдамшылық әрекеттерді жоюға қол жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар