15:56, 27 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Екі адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды - БҚО
ОРАЛ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, Оралға қарасты Зачаган кенті «Сарытау» шағынауданындағы тұрғын үйдегі өрттен кейін екі адамның мүрдесі табылған болатын.

Облыстық ішкі істер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, тексеру кезінде 1963 жылғы әйелдің үй иесі және оның 2003 жылғы ұлы екендігі анықталды.
Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес әйелдің ажалына әлденеше мәрте салынған пышақ жарақаты себеп болған. Ал баланың басына қатты соққы тиген әрі иістен уланған.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 96-бабы 2-бөлімі «в, д, о» тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі кезде күдіктіні ұстау үшін жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.