Екі баласы бар ана сот шешімімен бұрынғы жұмыс орнына қайта орналастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қостанай қалалық сотының шешімімен азаматша Н. Әлімова А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне әдіскер лауазымына қайта орналастырылды.
None
None

Осы оқу орнында білімді ұйымдастыруды оңтайландыру мақсатында штатты қысқарту мәселесі туындап, 2014 жылдың 4 қыркүйегіндегі бұйрықпен жұмыстан шығарылған. Алайда, оның 14 жасқа толмаған екі бірдей жас баланың асыраушысы болып табылатыны, шиеттей балаларын жалғыз өзі асырап отырғандығы ескерілмеген. Ал ҚР Еңбек Кодексінің 185-бабының 1-б. сәйкес, мұндай топтағы адамдармен еңбек келісімшартын бұзуға жол берілмейді.

Жұмыстан шығарылуымен келіспеген Н. Әлімова 170319 теңгені болатын орташа үш айлық еңбекақысы көлемінде өтемақы, 500 000 теңге көлемінде моралдық залал, 100 000 теңге көлемінде сот шығындары мен адвокат қызметі үшін төленген шығынды өндіріп алу үшін сотқа жүгінген.

Іс бойынша ұсынылған дәлелдемелерді зерделеген сот талапкермен еңбек қатынастары заңсыз бұзылған деген қорытынды шығарды.

Қостанай қалалық соты жұмыс беруші А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ бұйрығын заңсыз деп тауып, оның күшін жойды. Азаматша Н. Әлімова бұрынғы қызметіне қайта алынды. Сонымен қатар, сот шешімімен университеттен талапкер Н. Әлімованың пайдасына 170 319 теңге орташа үш айлық еңбекақысы көлемінде өтемақы, 500 000 теңге көлемінде моралдық залал, 100 000 теңге көлемінде сот шығындары мен адвокат қызметі үшін төленген шығын өндірілді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар