Екі ел арасында тікелей әуе байланысын орнату мәселесі сөз болды

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов Француз Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Тьерри Марьяни мырзамен кездесті.
None
None

Кездесуде парламентаралық ынтымақтастықтың бүгінгі жетістіктері және келешекте оның аясын кеңейту мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас, инвестициялық жобаларды бірлесе атқару, екі ел арасында тікелей әуе байланысын орнату туралы пікір алмасты.

Т.Марьяни мырза қазақстандық әріптестерімен тағы да жүздесіп тұрғанын айта келіп: «Достарыммен жүздескеніме қуаныштымын», - деді.

Осы кездесуге Қазақстан тарапынан Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, «Қазақстан-Франция» ынтымақтастық тобы жетекшісінің орынбасары Қабиболла Жақыпов, «Қазавтожол» РМК-ның бас директоры Мереке Пішембаев, Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Eлшісі Нұрлан Дәненов және француз тарапынан Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Төтенше және Өкілетті Eлшісі Жан-Шарль Бертонэ және басқа ресми өкілдер қатысты.

Тараптар аудармашының көмегімен француз және қазақ тілдерінде сұхбаттасты.

Соңғы жаңалықтар