18:59, 22 Қазан 2012 | GMT +5
Екі ел басшылары Австрияда Қазақстан мәдениеті жылын және Қазақстанда Австрия мәдениеті жылын өткізуге уағдаласты
ВЕНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан және Австрия президенттері өзара екі елдің мәдениеті жылдарын өткізуге уағдаласты.
«Біздің елдеріміз арасында туризмді дамыту, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды көбірек дамыту қажет. Біз Президент мырзамен Австрияда Қазақстан мәдениеті жылын және өзімізде Австрия мәдениеті жылын өткізуге уағдаластық», - деп хабарлады бүгін Венадағы «Хофбург» сарайында АР Федералдық президенті Хайнц Фишермен кездесуден кейін брифингіде біздің Мемлекетіміздің басшысы.