Екі ел басшылары Украина аумағы арқылы 6 миллион тонна мұнайды транзиттеу мүмкіндігін қарастыруда
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз мұнай-газ саласындағы өзара ынтымақтастықтың перспективаларын, Қазақстанның мұнайын Украинаның мұнай өңдейтін зауыттарына жеткізіп, Украина аумағы арқылы 6 миллион тонна мұнайды транзиттеу мәселесіне қол жеткізу мүмкіндігін талқыладық», деді бүгін Ақордадағы жоғары деңгейдегі кездесуден кейін Қазақстан прзиденті Н.Назарбаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан мен Украина арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың перспективасы зор екендігін атап көрсетті.
«Өткен онжылдықта Украинадан Қазақстанға 7 миллиард теңгенің 1 мың бірліктен асатын ауыл шаруашылығы техникасы жеткізілді. Келіссөздер барысында біз біріккен кәсіпорындарды құрып, ҚазақстандаУкраинадан шығарылатын техникаларды құрастыра отырып, осы салада ынтымақтастықты кеңейтуге келістік», деді Елбасы.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан мен Украинаның көлік- транзиттік ынтымақтастығының перспективасы зор екендігін атап көрсетті.