Екі ел министрлері ынтымақтастық байланыстар орнату мәселесін талқылады

АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат. Кеше Ауыл шаруашылығы министрлігінде министр Ақылбек Күрішбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің экономика және жоспарлау министрі Халед Бен Мухаммад әл-Кусейбимен кездесті,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа министрліктің баспасөз қызметі. Жүздесу барысында тараптар, Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені саласының қазіргі жағдайы мен ауыл шаруашылығы саласында екі жақты ынтымақтастық байланыстар орнату мәселелерін талқылады. Сауд Арабиясы Корольдігі Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторына оның ішінде, дәнді дақыл мен мал шаруашылығындағы экспорт пен өндірісті дамыту үшін инвестиция құюға қызығушылық танытып отыр. Басқосу кезінде Сауд Арабиясының министрі Қазақстанды бауырлас ел ретінде танитынын әрі, мұсылман мемлекеті ретінде елімізге қомақты инвестиция құюға ынталы екендігін жеткізді. Бұл үшін Халед Бен Мухаммад әл ?Кусейби мырза ашықтық және заң талаптары түсінікті болса деген ұсыныс жасады. Ал өз кезегінде Ақылбек Күрішбаев елімізде шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті. Бұдан өзге, агроөнеркәсіп кешені саласында салық жеңілдіктері қарастырылған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (заңды тұлғалар) арнайы салық кестесі бойынша, инвесторлар үшін арнайы қарастырылған 70 пайызға дейін төмендетілген салық төлемдерін пайдалана алады. Министр Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына қомақты қаржы құюға ниет білдірген саудиялық бизнесмендерді нақты шаруашылықтарға келіп, жақын танысып бірлескен жобаларды тиімді жүзеге асыруға шақырды. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында егін шаруашылығы саласына арналған 3-5 млн гектар тәлімі жерлерді игеруге үлес қосуға болады. Бұл жобада да араб кәсіпкерлерінің бақтарын сынауға мүмкіндік бар екенін айтты. Жүздесу соңында Ақылбек Күрішбаев министр ретінде ауыл шаруашылығы саласына қаржы құйған инвесторларға қажетті қамқорлықтың жасалатынын жеткізді. Бұдан бөлек, еліміздегі мал шаруашылығы саласында қой, сиыр еттеріне және биязы жүн өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландыруда қолайлы жағдайдың жасалғанын сөз етті. Қазақстан табиғат ерекшеліктеріне байланысты бидай және биязы жүнді қой шаруашылығымен мақтанатынын атап өтті. Сондай-ақ, тараптар биылғы жылғы мамыр айында елімізде жоспарланған Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігінің іскер топ өкілдері арасында өтетін форум кезінде осы мәселелерді жан-жақты талқылап, пысықтауға уәделесті.
Соңғы жаңалықтар
Референдум