Екі елдің басқарушы партиялары арасында тығыз байланыс орнатқан жөн - Грузияның Сыртқы істер министрі Г. Вашадзе

sp; Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін ЕҚЫҰ-ның төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Грузияның Сыртқы істер ведомствосының басшысы Григола Вашадземен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында Қ. Саудабаев екіжақты ынтымақтастық байланыстардың күн сайын нығайып жатқандығын атап өтті. Қазақстан мен Грузияның көлік, энергетика және басқа да салаларында ортақ жобалардың бірлесіп атқарылуына мүдделі екендігін жеткізді.

«Бүгіннің өзінде екі ел арасындағы келіссөздер бірқатар мәселелердің оңтайлы шешілуіне көмектесуде», деді Қ. Саудабаев.

Өз кезегінде Г. Вашадзе Қазақстанның Грузия үшін басты стратегиялық әріптес екендігіне тоқтала келе, «біздің арамызда тығыз әрі жақын байланыстар орнап келеді. Меніңше, осындай тікелей ынтымақтастық байланыстарды екі елдің басқарушы партиялары арасында да орнатқан жөн», деді.

Соңғы жаңалықтар