Екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Астанада өткізілуі жоспарланып қойылған ЕҚЫҰ Саммитінің күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады

СТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Бүгін ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Литва Республикасының Сыртқы істер министрі Аудронюс Аджубалиспен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Астанада өткізілуі жоспарланып қойылған ЕҚЫҰ Саммитінің күн тәртібін пысықтау мәселелерін талқылап, ЕҚЫҰ «үштігі» ауқымында Астана мен Вильнюстің өзара іс-қимылы барысын қарастырды.

Қ.Саудабаев пен А.Аджубалис сонымен қатар екі жақты қазақстандық-литвалық байланыстардың ахуалы мен болашақ бағыттарына қатысты пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар