Екі миллиард теңгенің орны толтырылды - Маңғыстау облысының қаржы полициясы Асқар Нұрғалиевқа қатысты қылмыстық істі тоқтатты

АҚТАУ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰК» АҚ басқармасының бұрынғы басшысы Асқар Нұрғалиевқа қатысты ҚР ҚК 182-бабының 2-тармағы бойынша қозғалған қылмыстық істі тоқтатты.
None
None

«2010-2011 жылдар аралығында А.К.Нұрғалиев директорлар кеңесі инвестициялық жобаны бекітпестен бұрын, жалған жолмен «Инвест-Авиа» әуе компаниясы үшін 6 әуе кемесі және оған қажетті қосымша бөліктерді сатып алу жөнінде заңсыз шешім қабылдап, мемлекетке 2 млрд. 27 млн. теңге көлемінде залал келтірген. Тергеу барысында келтірілген залалдың толық мөлшерде өтелуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды», - деп хабарлады Маңғыстау облысы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменінің баспасөз қызметкері Нұргүл Мұқатай.

Соңғы жаңалықтар