02:29, 28 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қазақстанның екі облысы бойынша ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

28-29 желтоқсан аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша, тұман түседі деп күтілуде.
Сонымен қатар, 28 желтоқсанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Атырауда 28 желтоқсанда түнде және таң ата тұман түседі деп күтілуде.