Екі шымкенттік альпинист Антарктидадағы Винсон шыңын бағындырды
Бұл шыңға шығу «Жеті шың» альпинистік жобасының құрамына кіреді. Бұған дейін оның алтауын бағындырған Юрий Лукьянов енді соңғы Эверест шыңын бағындыруды жоспарлап отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов шымкенттік альпинистерді жеделхат арқылы құттықтады. «Барлық құрлықтардың ең биік тауларын бағындыру бірен-саран адамның қолынан келеді. Сіздердің кезекті жеңісіңіз Қазақстанның дарынды, рухы күшті адамдары көптігінің тағы бір мысалы болды. Біз осындай жерлестеріміздің барын мақтан тұтамыз. Бір шыңның соңынан екінші шыңды бағындыра отырып, күрделі рухани болсын, физикалық болсын күш салу арқылы, сондай-ақ үлкен қауіппен сіздер барлық халқымыздың, біздің Қазақстанымыздың атағын шығарып отырсыздар».
Жерлестеріңіз бен өзімнің атымнан сіздерге жаңа күш, табыс, денсаулық, амандық тілеймін. Әрқашан қойған мақсаттарыңызға жете беріңіздер және сіздер бағындырған шың басқа шыңдарға жетелейтін баспалдақ болсын», - делінген жеделхатта.