Екі Toyota Land-Cruiser көлігі өртеніп, денесінің жартысын күйік шалған үш адам ауруханаға жеткізілді - Жамбыл облысы

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Шу ауданында көлік гаражы отқа оранып, үш адам зардап шекті, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
None
None

«19 маусымда Шу ауданы Бірлік ауылында «Темір жол» ЖШС гаражында екі «Toyota Land-Cruiser» көлігі өртенді», - делінген ведомство хабарламасында.

- От бір жарым сағат ішінде сөндірілді. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт салдарынан 38, 34 және 26 жастағы үш азаматтың денесін 50 пайыз, 2-3 дәрежелі күйік шалып, олар Шу қалалық ауруханасына жеткізілді».

Отты ауыздықтауға облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ 7 құтқарушысы мен 2 техникасы тартылды.

Өрт себептері мен материалдық шығын анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар