Екі жасар немересінің арақ ішіп, ажал құшуына себепкер болған ата-әжесі сотталды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 141-бабы 2-бөліміне сәйкес (абайсызда өлімге соқтырған баланың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін орындамау) қозғалған қылмыстық іске нүкте қойды.
None
None

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 2014 жылғы баланың туған ата-әжесі өткен жылғы 31 желтоқсан мен биылғы 3 қаңтар аралығында арақ ішкен. Онымен қоймай, кішкентай сәбидің арақ ішуіне жол берген, соның салдарынан бала тұншығып, қайтыс болған. Баланың қырылдап жатқанына қарамастан, жедел жәрдем шақырмай, арақ ішулерін жалғастыра берген. Осыны ескерген сот оларды 1 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Сотталушылар сот залында қамауға алынды.

Соңғы жаңалықтар