Екі жүректің ортасындағы ең қысқа жол - өнер

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының Құланшы көрмесінде Қазіргі заманғы Үнді өнерінің көрмесі өз жұмысын бастады. Оған Үндістанның Дели қаласынан және басқа да барлық өңірлерінен шыққан суретшілердің 50-ге жуық жұмыстары қойылды.
None
None

Көрмеге қойылған суреттердің арасында абстракт, графика, кескіндеме және басқа да өнер туындылары бар.

«Бұл көрме үнді суретшілері әлемінің қаншалықты бай әрі саналуан екендігін көрсетеді. Бүгінде Үндістан бізбен саяси жағынан да, экономикалық жағынан да әріптестік қарым-қатынас жасап отыр. Енді өнер саласында да дипломатиялық байланысымызды дамыту қажет. Өйткені жүректен жүрекке жететін ең жақын жол - өнер деп білемін», - дейді «Құланшы» орталығының директоры Лейла Махат.

Соңғы жаңалықтар