Екібастұз әкімі дарынды балаларға арнап салтанатты қабылдау ұйымдастырды

ПАВЛОДАР. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұз қаласының әкімі Нұрлан Нәбиев дарынды балалар мен олардың тәрбиешілеріне арнап салтанатты қабылдау ұйымдастырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Халықаралық, республикалық және облыстық ғылыми форумдар мен олимпиадалардың, өнер фестивальдері мен конкурстарының жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесу «Шаңырақ» мейрамханасында болды. Қала басшысы ғылым мен өнерде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген 50 жас дарынды табыстарымен құттықтады және өз туған қалалары мен туған елдерінің беделін асырып жүрген жас екібастұздықтардың еңбегіне жоғары баға берді. Әкім балалар мен олардың тәлімгерлеріне алғыс хаттар табыс етті.
Соңғы жаңалықтар
Референдум