Екібастұз әкімімен кездесулерде айтылған халықтың ұсыныс-тілектері жүзеге асырылуда

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Екібастұзда қала әкімінің өткен қыстағы есеп беру кездесулерінде айтылған халықтың ұсыныс-тілектері жүзеге асырылуда,
None
None

деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

Қала мен оның төңірегіндегі селолық аумақтардың тұрғындарынан түскен 366 ұсыныстың бүгінде 26-сы орындалып отыр. Көптеген мәселелер коммуналдық қызметті жақсартуға қатысты болған еді. Атап айтқанда, Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойымен жылу жүйесі тартылды, Абай көшесіндегі су құбырлары мен жылу желілері қапталды, орамдардың іштеріндегі жолдар жөнделді. Бозшакөл орта мектебінде бірінші қазақ сыныбы ашылды, Қоянды селолық округінде, жастардың өтініші бойынша, дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы-әдіскердің штаты енгізілді. Құдайкөл ауылы үшін 210 мың теңге сомаға спорттық жабдықтар сатып алынса, Шідерті стансасында көшелерге шамдар орнатылды, Атығай ауылында медициналық қосын ұйымдастырылды.

Ал қазанның 1-іне дейін 12-ші ықшам аудандағы жұмыстарды аяқтау жоспарлануда - онда құбырлардағы су қысымының деңгейі төмен болған. Сондай-ақ 31-ші ықшам ауданда сыртқы су құбыры желілерін күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Соңғы жаңалықтар