Екібастұз футболына арналған көрме ашылды
деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Көрменің салтанатты ашылуына осынау ойынға әуес ардагерлер, спортшылар және оқушылар қатысты. Тәжірибелі футболшылар жас спортшыларға аға ұрпақ өкілдері қол жеткізген жетістіктерді еселеуге тілектестік білдірді.
«Көрме - кезінде стадиондарды толтыра білген танымал футболшыларымызға көрсетіліп отырған құрмет. Екібастұздықтар турнирлер мен чемпионаттарда бірнеше дүркін тамаша жетістіктерге қол жеткізген. Бүгінде біз жастарымызға үлкен үміт артып отырмыз - секциялар, мамандандырылған футбол мектебі жұмыс істейді, Екібастұз қаласы мен оның іргесіндегі селоларда аула футболы даму үстінде», деді қала әкімінің орынбасары, футбол федерациясының төрағасы Николай Дычко өз сөзінде.