Екібастұз кеншілері көмір кенішінің 55 жылдығын атап өтті

деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Көміршілер мен энергетиктер қаласының даңқын ондаған мың адамның ерен еңбегі мен қайрат-жігері асырды. Кеншілерді мерейтойларымен құттықтаған Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев көмір разрездерінің үздік жұмысшыларын марапаттады.
Бұл мерекелік кешке қатысушылар сонау тарихи оқиғаны - 1954 жылы желтоқсанның 25-інде Ертіс көмір разрезінің экскаваторшысы Николай Колотев теміржол құрамына алғашқы көмірді тиеген күнді еске алды. Сол жылы Екібастұз кеншілері 250 мың тонна жоспарды 400 мың тоннаға орындаған еді.
Екібастұз көмірінің үлесі бүгінде республикадағы жалпы өндірістің 65 пайызын құрайды. «Богатырь Көмір» және «Восточный» кеніштерінде жаңа технологиялар мен заманауи техникалар енгізіліп, еңбек қауіпсіздігі артуда, еңбекшілердің жалақысы жақсаруда.