07:31, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
Екібастұз тұрғыны 100 жасқа толғандығын атап өтті
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -Екібастұз тұрғыны Маныш Жүнісова жаңа жылдың бірінші күнінде отбасымен бірге өзінің 100 жылдығын тойлады,
деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Кейуананы туған күнімен қала басшысы Александр Вербняк құттықтап, ұлттық қамзол кигізді.
Манаш - бүгінде күнде 5 бала өсірген, Ұлы Отан соғысына қатысқан азаматтың жесірі. Ол кезінде сауыншы болып жұмыс істеген. Жасаған еңбегі үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
Әжелерін туған күнімен 32 немересі, 10 шөбересі мен 3 шөпшегі құттықтауға келді.
Кейуананы қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері құттықтай келе, денсаулық пен ұзық ғұмыр тіледі.