Екібастұз тұтынушыларына жылу энергиясының құны қайта есептелетін болады

ПАВЛОДАР. 29 сәуір. ҚазАқпарат - Биылғы наурыз айында толық берілмеген жылу үшін Екібастұз қаласының тұрғындарына ақы төлеудің қажеті жоқ.
None
None

Бұл туралы «Павлодарэнерго» АҚ-ның қоғаммен байланыс бөлімінен хабарлады.

Наурыз айының екінші жартысында Екібастұз ЖЭО-да орын алған штаттан тыс жағдайға байланысты қалада тұтынушыларға берілетін жылудың көрсеткіштері сақталмады.

Коммуналдық кәсіпорын алдында қарыздары жоқ тұтынушылар үшін жылу бойынша қайта есептеу көлемі 50 пайызды, ыстық су бойынша 100 пайызды құрамақ.

«1 сәуірдегі жағдай бойынша қарызы бар тұтынушыларға қайта есептеу берешектері жабылған соң жасалады», - деп атап өтті «Павлодарэнергосбыт» ЖШС-ның бас директоры Талғат Арғынов.

Биылғы жылдың 1 сәуірі күнгі мәліметтерге жүгінсек, Екібастұз бойынша жылу энергиясы үшін тұрғындардың қарызы 1 млрд. 149 млн. теңгені құрайды, оның 951 млн. теңгесі - мерзімі өткен қарыздар.

Соңғы жаңалықтар