Екібастұзда «Болашақ+» сауда-ойын сауық орталығы ашылды (ФОТО)

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінде Екібастұзда «Болашақ+» сауда-ойын сауық орталығы ашылды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметкері Жазира Сыздықова.
None
None

Мерекелік шараға қала басшысы Александр Вербняк қатысты. «Елбасының шағын және орта бизнеске жеке инвестицияларды тарту бойынша тапсырмасына сәйкес аумағы 19 мың шаршы метрді құрайтын «Болашақ+» сауда-ойын сауық орталығы іске қосылды. Онда 150 бутик бар. 300-ге жуық жұмыс орны құрылып, балаларға арналған ойын кешені ашылды», - деп атап өтті қала басшысы.

Орталық төрт қабаттан тұрады. Бірінші қабатта «Sulpak» тұрмыстық техника дүкені, «Цеснабанк» бөлімшесі, авиакасса, дәріхана, туристік фирма, гардероб, екінші және үшінші қабаттарда сауда бутиктері, төртінші қабатта балалардың ойын-сауық кешені, екі 5D кинозал, тез тамақтану мейрамханалары орналасқан. Жобаға 2,6 млрд. теңгеден астам инвестиция құйылды.

«Мұнда бір нәрсе сатып алуға ғана емес, сонымен бірге бүкіл отбасымен демалу үшін келуге болады», - деді «Болашақ» компаниясының басшысы Мирон Исанов.

Соңғы жаңалықтар