Екібастұзда болған өрттен 73 жастағы әйел қаза тапты

АСТАНА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Екібастұзда 73 жастағы әйелдің өмірін ала кеткен өрт оқиғасы орын алды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
None
None

Қайғылы оқиға жексенбі, тамыздың 15-і күні 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің бірінде болған. Өрттің аумағы 20 шаршы метрді құрады. Қарт адам оқиға орнынан ауруханаға жетізілгенімен, кейін ауруханада көз жұмды. Жалын Павлодар облысы, Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 7 адамы мен 2 дана техникасының арқасында ауыздықталды.

Соңғы жаңалықтар