Екібастұзда голландиялық раушан гүлдері өсірілетін жылыжай іске қосылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Екібастұз қаласында голландиялық раушан гүлдері өсірілетін жылыжай ашылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

«Бұл - Елбасымыздың ірі кәсіпорындар жанынан қосымша өндіріс орындарын ашу тапсырмасы бойынша орындалған жұмыс, - деп атап өтті Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев.

Аумағы бес гектар жерді құрайтын жобаның құрылысымен голландиялық «VAN DER HOEVEN» компаниясы айналысқан.

Жылына 10 млн дана раушан гүлін өсіретін жылыжайдың құрылысына 3,2 млрд теңге инвестиция салынған. Жылыжай ГРЭС-1 стансасына жақын орналасқан. Кәсіпорынның басшысы Айтмағамбет Сәрсенбекұлының айтуынша, қазіргі уақытта жылыжайдың көлемін 30 гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Айта кетерлігі, Павлодар облысында 12 жылыжай бар. Олардың екеуі «Модуль ПВ» ЖШС-не және «Максима» ШҚ-на тиесілі.

Жылыжайлардың жалпы аумағы - 6,1 гектар. Сондай-ақ, «Павлодар» ҰК ӘКК» АҚ құны 1,9 мрлд теңгені құрайтына жобаны іске асырмақ.

3,2 гектар аумағы бар кәсіпорын жылына 1600 тонна қызанақ шығарады. Жоба 2016 жылдың бірінші тоқсанында жұмысын бастайды. Сонымен қатар, биыл Павлодар ауданының «Эльдар» ФШ өз есебінен салынып жатқан аумағы бір гектар жерді алатын кәсіпорын құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр. Ал Ақсу қаласында құны 2,4 млрд теңгені құрайтын қияр мен қызанақ шығарауға бағытталған инвестициялық жоба іске асырылады.

Соңғы жаңалықтар