Екібастұзда «Назар аудар - бағдаршам!» айлығы басталды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұзда «Назар аудар - бағдаршам!» айлығы басталды.
None
None

Республикалық акцияның аясында өтіп жақан бұл шара 25 мамырда аяқталады, деп хабарлады Екібастұздың ішкі істер басқармасынан.

Жол және патрульдік полиция нарядтарының бекеттері мен бағдарлары жазғы каникулдың қарсаңында білім ошақтарына барынша жақындатылып отыр.

Автоинспекторлар педагогтармен бірге мектептерде жол қауіпсіздігі ережелері бойынша сабақтар өткізуде. Білім ошақтарында сондай-ақ жол ережелеріне және балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алуға арналған «Жол және біз» деген тақырыпта суреттер мен шығармалардың конкурстары өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар