Екібастұзда төтенше жағдайлар қызметтерінің командалық-штабтық жаттығуы өтті

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Екібастұзда өткен командалық-штабтық жаттығуда төтенше жағдайлар орын алған жағдайдағы басқару және азаматтық қорғаныс органдары мен халықтың өзара іс-қимылдары тексерілді.
None
None

Төтенше жағдайлар қызметтері үш күнге созылған жаттығулардың барысында сценарий бойынша «су басқан» жеті елді мекеннің тұрғындарын «құтқарды», тұрғын үйде болған газ баллон «жарылысының» салдарын жойды және мұз үстінде ығысып кеткен балықшыларды «құтқарды».

Төтенше жағдайлар министрлігі мен Павлодар облыстық департаменттің өкілдері қаланың дабыл беру жүйесін,

эвакуациялық қосындарды жайғастырудың жағдайын, қоғамдық тәртіпті күзету қызметтерінің жедел әрекеттерге әзірліктерін тексерді.

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Ақан Садықов командалық-штабтық жаттығуды қорытындылау сөзінде, жаттығу барысында анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар