11:22, 01 Қаңтар 2012 | GMT +5
Екібастұзда тұрғын үйде болған өрттен бір ер адам қаза тапты, тағы біреуі ауруханаға жеткізілді
АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Екібастұзда 31 желтоқсан сағат 23:20-да екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Жалын 1 қаңтар күні сағат 01:45-те жойылды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлайды.
Өртті жоюға жеке құрамның жеті адамы мен ҚР ТЖМ-нің Павлодар облысындағы ТЖД өрт сөндіру қызметінің екі техникасы, ҚР ТЖМ-нің «Павлодар қаласының жедел-құтқару жасағы» ММ-нің үш адамы мен бір техникасы жұмылдырылды
Өртті сөндіру кезінде ер адамның мәйіті табылды. Тағы бір ер адам иіс тиюден уланып, ауруханаға жеткізілді.