Екібастұзда жаңа кірпіш зауыты іске қосылды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ.  Желтоқсанның  26-сы.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   Екібастұзда  жылдық   қуаты   50  миллион      кірпішті  құрайтын    жаңа зауыт  іске  қосылды.    Жаңа  технология  бойынша  құрылыс материалын  шығару  желісін    облыс әкімі Бақытжан  Сағынтаев іске қосты.
None
None

1,2  миллиард теңге инвестициялап  және Қытайдан   кеңесшілер мен  үйлестірушілерді  шақырған  «Вершина»  ЖШС   керамикалық  кірпіш   шығаратын   кәсіпорындарды  өз күшімен 8 айдың  ішінде    салып   шықты.  Зауты цехтарында   102 жұмыс орны  құрылған.

«Екібастұз зауыты   ағымдағы жылы аймақта  іске  қосылған   үшінші кірпіш     өндірісі.  Жаңа кәсіпорынды   қосқанда,  бұдан былай аймақта   өндірілетін  кірпіштің   көлемі  123 миллион  дананы құрайтын   болады. Павлодар облысы  қалалар  мен аудандарындағы  құрылыстарды өз  материалымен   толық     қамтамасыз  ете алады»,  деп  атап көрсетті Б.Сағынтаев өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар