Екібастұзда жас мамандарға қолдау көрсетілуде

ПАВЛОДАР  ОБЛЫСЫ.   Желтоқсанның  24-і.  ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -     Келіп жатқан жас мамандарға қамқорлық    жасаудың арқасында  Екібастұздың (Павлодар  облысы)  денсаулық сақтау  және білім беру  саласында   кадр  мәселесі  табысты шешілуде.
None
None

Өткен жылы 16 дәрігер   баспана алса,    ағымдағы жылы  тағы  11  жас  маман   қызмет баспанасына ие болды,  деп   хабарлады   қала әкімінің баспасөз қызметінен. Жалғызбастылар   бюджеттік  жайлы жатақханалардан бөлме  алуда.

Биыл  келген  барлық 55   дипломды мұғалімдер   үш  жылға  еңбек  шарттарын   жасады,     оларға 100 мың теңгеден демеуқаржы  берілді,  баспана  мәселелері  шешілді. Екібастұздың ауылдық   жерлеріне барған жас педагогтар  үшін  селоларда  12 үй сатып  алынды.

Соңғы жаңалықтар