Екібастұздық энергетиктер салауатты демалысты таңдайды

ВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ-да отын-көлік цехында төрт вахтаның қатысуымен спорттық жарыстар өтті.
None
None

Оларда 260-тан астам адам еңбек етеді, әр вахтадан сеіз адамнан командалар жасақталды - олар слесарлар, монтерлер және басқа да мамандық иелері.

Жарыстың Ең жас қатысушысы - 20 жаста, ал ең үлкені - 52 жаста, бірақ олардың бәрі де кедергілерден жүгіру, күш сынасу, кәсіби шеберліктері бойынша сайысқа түсті.

Ал конкурс үзілістері кезінде оларға гимнастар, бишілер, әншілер ойын-сауық ұйымдастырды. Сайыстардың арасында сұрақ-жауап ойындары да болды.

Конкурс қорытындысыда қазылар алқасы бірінші орынды «Гранат» вахтасына, екінші орынды «Авангард» спортшыларына, үшінші орынды «Базис» ойыншыларына берді.

Басқарма төрағасының арнайы сыйлығы таңдаулы капитан Қайрат Құрманғалиновқа тапсырылды, ал Марина Половникова жарыстың үздік қатысушысы атанды, көрермендер көзайымы сыйлығына Анастасия Колесникова бие болды.

«Мұндай шаралар адамдарды және олардың отбасыларын жақындастырады, - деп атап өтті цех бастығы Талғат Дәленов. - Біздің цех ұжымы жақсы еңбек етумен қатар спортта да жеңе білетіндіктерін көрсетті».

Соңғы жаңалықтар