Екібастұздық ГРЭС-2 үшінші энергоблогының жабдықтарын Харбиндік энергокорпорация дайындайды

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Салынып жатқан үшінші энергоблокты жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде «Екібастұздық ГРЭС-2 стансасы» АҚ мен «Кварц-KZ» ЖШС арасында 73, 9 млрд. теңгеге келісімшарт жасалды,
None
None

деп хабарлады аталмыш мекеменің баспасөз қызметі.

Қуаттылығы 600 МВт қазандық пен турбонат Харбин энергетикалық корпорациясымен дайындалып, 21 ай ішінде жеткізіледі. Турбина «Mitsubishi Heavy Industries» компаниясының технологиясы мен лицензиясы бойынша дайындалады.

«№3 энергоблоктың жабдықталуымен Екібастұздық ГРЭС-2 мекемесінің қалпына келтіру және кеңейту» инвестициялық жобасы РФ және ҚР Үкіметтері арасында жасалған келісім бойынша жүзеге асады.

Соңғы жаңалықтар