Екібастұздықтар Еңбекті қорғаудың дүниежүзілік күнін атап өтеді
Әкімдікте осынау атаулы күнге дайындыққа арналған кеңес өтті, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
Жыл сайын Еңбекті қорғау күнін атап өтуге «Богатырь Көмір», «Восточный», «Байкөбе-Вест» разрездерінің кеншілері, Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 стансыларының, «Энергетика басқармасы», «Промсервис-Отан», «Грань», серіктестері мен тағы 19 кәсіпорынның энергетиктері белсенді атсалысып келеді.
Көмір өндіруші компанияларда, электр стансыларында еңбекті қорғауға айрықша назар аударылады. Дүниежүзі болып атап өтетін бұл күннің мақсаты - адамдарды өздері атқарып отырған іске жауапты қарауға және жұмыс орнын қауіпсіз ұйымдастыруға үндеу, жұмысшылардың өз денсаулығына деген жеке жауапкершілігі мен мәдениетін енгізу болып табылады.
Кеншілер мен энергетиктер қаласында кәсіпорындарда, ұйымдар мен оқу орындарында қауіпсіздік техникасын сақтау конкурстары, т.б. шаралар өтеді.